SMARTNET компаниясы – Triple Play концепциясы бойынша алдыңғы қатарлы технологияларға негізделген, кең көлемді қызметтер ұсынатын, қазіргі заманғы және сенімді тіркелген байланыс операторы – барлық сервистер байланыстың бір бағыты бойынша бір провайдерден бірыңғай пакетте беріледі. SMARTNET телефония, мәліметтерді тарату (Интернет және Data орталықтың жергілікті серверлеріне кіру), Виртуалды Жеке желілер (VPN), сонымен қатар VoiceVPN және т.б. қызметтермен қамтамасыз етуде дайын шешімдер ұсынады.
SMARTNET бизнес-желісі табысты бизнес жүргізуге қажет заманға сай қызметтердің толық кешенін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, әр жобаны клиенттің дара талаптарына сай икемдейді.
SMARTNET компаниясы құрылыс компаниялардың, инвесторлар мен басқарушы компаниялардың серіктесі бола отырып, бизнес-орталықтар мен тұрғын кешендер үшін қазіргі заманғы телекоммуникациялық орта құруға көмектеседі.
Алматы қаласында SMARTNET желісіне қосылған біраз объектілер: Esentai Tower, Алматы қаржы орталығы, CDC, Достық, Гермес, Алма-Ата, Самал-Тауэрс, Алатау Гранд, Хан-Тенгри, Жетысу, АТАКЕНТ, Эталон, BNC, Standart, НефтеГаз Дем, КФК «Арай», КФК «Арман».
SMARTNET телекоммуникациялық қызметтерін келесі зиялы компаниялар мен банктер пайдаланады: Capital Partners, Kazakh Development International, Швейцарлық Банк Credit Suisse, ДБ СберБанк России, Bureau Veritas, ATФ Банк, Hewlett-Packard Kazakhstan, Alcatel- Lucent Kazakhstan ЖШС, Регул Телеком Плюс, Стандарт Газ, Renaissance Capital, Gateway Ventures (Ca) Ltd, Caspian Pipe Industries АҚ, Prime Aviation, Jet Airlines, Asia Capital, КазПочта, Haileybury Almaty, Visor Holding, Visor Capital, КУИП компасc, Prime Aviation, Internews Kazakhstan, Global Air Туристтік агенттігі, Эйр Астана АҚ, Comlux Авиациялық компаниясы, Пана Иншуранс Сақтандыру компаниясы, Казахстан Кагазы АҚ, КЫЗЫЛКУМ ЖШС және тағы басқалар.
2009 жылы сенімді техникалық шешімдер мен ең қолайлы бағалық ұсынымды табыс ете отырып, SMARTNET компаниясы тендер ұтып алды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін телекоммуникациялық қызметтерді жабдықтаушы болып табылады.