Қазіргі күні әрбір компанияның негізгі мақсаттарының бірі — жаңа клиенттерді тарту. Бос емес телефон нөмірлері, қабылданбаған қоңыраулар, жеткіліксіз дамыған қолдау жүйесі тек потенциалды клиенттер санын ғана емес, клиенттердің компанияға қарым-қатынасын өзгертеді. Енді телефон байланысын ұйымдастыру - барлық қоңырауларға қызмет көрсетуге, күніне Сізге қанша адам қоңырау шалатынын бақылап, осылайша клиенттермен өзара қарым-қатынастарды басқаруға мүмкіндік беретін тәсіл пайда болды.
SMART LINE OFFICE қызметінің артықшылықтары
SMART LINE OFFICE қызметі бірыңғай виртуалды телефон нөмірін ұсынып, сонымен қатар бұл виртуалды нөмір нақты мекен-жайға байланбаған және ешқандай қосымша жабдық орнатуды қажет етпейді. SMART LINE OFFICE нөмірі кеңседегі телефон желілерінің санын көбейтпейді, бірақ барлық кіруші қоңырауларды олардың санына қарамастан өңдеуге мүмкіндік береді.
SMART LINE OFFICE нөміріне келіп түскен барлық қоңыраулар – Сіздің талап-тілектеріңіз бойынша алдын-ала келіскен қызмет көрсету сценариіне қарай, PBX ішкі нөмірлеріне, Алматы қаласындағы, Қазақстан аймақтарындағы және басқа елдердегі стационарлық, ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады, осылайша Сіздің кез-келген телефондарыңызды бір оңай жатталатын тікелей нөмірге біріктіруге мүмкіндік береді.
Егер кіруші қоңырауларды бағыттаған кезде телефондар бос емес болса, абонент бағытта күте тұрады немесе хабарлама жолдай алады.
SMART LINE OFFICE қызметі Сіздің компанияңыздың әрдайым ашықтығын қамтамасыз етеді.