Клиенттерге кіру
Рус | Eng
SMARTNET телекоммуникациялық желісі NGN (Next Generation Network) қазіргі заманғы технологиясы базасында қаланған, Алматы қаласындағы жекеменшік талшықты-оптикалық шығыршықтың арқасында клиенттердің жоғарғы жылдамдықта қосылуын қамтамасыз ететін, кең көлемді қамту аймағы бар, жоғары деңгейдегі сенімділік пен басқарушылық, сондай-ақ қызмет көрсетуде сапаны қамтамасыз етуде бірыңғай мүмкіндіктер ұсынатын телекоммуникациялық желі.

SMARTNET компаниясы құрылыс компаниялардың, инвесторлардың және басқарушы компаниялардың серіктесі бола отырып, оларға бизнес-орталықтар мен тұрғын кешендердің қазіргі заманғы телекоммуникациялық ортасын құруға көмектеседі.

Сіздің компанияңыз үшін SMARTNET ұсынысының артықшылықтары:

  • сіздегі телекоммуникациялық желілерді шығару қызметі;
  • иғимараттағы байланыс қызметімен жабдықтауда инвестициялық қатынасу;
  • ғимаратты байланыс жүйелерімен жабдықтаудағы жобалық және құрылыс жұмыстарының толық кешені;
  • басқарушы және құрылыс компанияларына объектінің құрылыс кезеңінде қызметтердің толық кешенін көрсету;
  • толық ауқым, жоғары сапа және қызметтердің сенімділігі;
  • жалгерлер мен тұрғындарға қызмет көрсететін компаниялардың иелері және басқарушыларымен өзара тиімді ынтымақтастық.
Жылжымайтын мүлік нысандарын қосу кезінде SMARTNET болашақ пайдаланушылар қажеттіліктерін талдау, ішкі және сыртқы байланыстарды жобалаудан бастап, жалгерлер немесе тұрғындардың қажеттіліктерінің өсуіне сәйкес ұсынылатын қызметтер жиынтығының кеңеюі мүмкіндігімен түпкі пайдаланушыларға қызмет көрсетуге дейінгі жұмыстардың толық кешенін іске асырады.

Компания ғимаратқа дейін талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын іске асырып, оны SMARTNET желісіне қосады. Бұл шешім бір арна арқылы (100 Мбит/с жылдамдықта) телефония қызметтері, мәліметтер тарату, Интернет және телевизия сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
SMARTNET техникалық мүмкіндіктері құрылыс компанияларының телекоммуникациялық жұмыстарға кететін шығындарын үнемдейді, яғни болашақ тұрғындар немесе жалгерлердің шығынын төмендетеді.
Дамыған телекоммуникациялық қызметтерді қолдану – сандық телефон желісі және Интернет желісінің қорлары – қазіргі заман адамдарының іскерлік және жеке өміріндегі міндетті элемент екенін, ал жылжымайтын мүлік нысандарының телекоммуникациялық қызметтермен жабдықталғаны – потенциалды жалгерлер немесе тұрғындар жағынан бұл нысандарға тартымдылығының өсуіне ықпал ететіні мәлім.

Біз әрдайым Сізбен кездесуге және Сіздің мекемеңізбен ынтымақтастық туралы тілектер мен ұсыныстарыңызды қарастыруға қуаныштымыз.
Сұраныс жіберу