NGN - пакеттер коммутациясын пайдалану арқылы сөздерді, суреттерді және мәліметтерді таратуға арналған көпмақсатты әмбебап желі болып табылады. Шынында, ол өзіне ең жақсы қасиеттерді жинаған, Internet және телефон желілерінің қосылуы нәтижесі болып табылады. Іс жүзінде, бұл қиын маңызды қосымшаларда дауыс байланысы және мәліметтер таратуда кепілденген сапаны білдіреді.
Осылайша, NGN СТОП-қа тән (Internet арқылы сапасына кепілдік бермейтін байланысқа қарама-қайшы) сенімділік деңгейі бар және ақпарат көлемінің бірлігі есебінен таратудың төмен құнын ( СТОП емес, Internet арқылы мәліметтер тарату құнына жақындаған) қамтамасыз етеді. Нақ келесі ұрпақ желілері — NGN пайдаланушыға сервистердің барынша көп санына кіруді қамтамасыз етеді. «Әрқашан және әрқайда, әрбір сервистердің қолжетімдігі» — осылай қысқаша, NGN негізгі мақсат-міндеттерін білдіруге болады. Мұндай желі кең мағынада, әртүрлі типтегі (СТОП, Internet, сымсыз желілер) трафик таралатын, әмбебап коммуникациялық орта болады деп жобаланады.
NGN желілері желілік шешімдерді үйлестіру арқылы жаңа қызметтерді басқару, персондау және құруда тиімді мүмкіндіктер мен қызметтердің шектеусіз жиынтығын көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс. Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, NGN — бұл медиатрафиктің барлық түрлерін таратуды қамтамасыз ететін және қосу, реттеу, бөлініп таратылған тарификациясы, қызмет көрсету сапасына әртүрлі талаптары бар мультисервисті желі.
NGN желісінің базасында қызметтерді пайдаланатын клиент не алады?